25 Қаңтар, 2019

Азамат Едрисов ҚарМУ-дың ректоры болып тағайындалды

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі аса ірі оқу орындарының бірі – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры ауысты. Бұл қызметке профессор, химия ғылымдарының докторы Азамат Тиржанұлы Едрисов ректорларды таңдау бойынша республикалық конкурстық комиссияның шешімімен тағайындалды.

Азамат Едрисов ҚарМУ-дың ректоры болып тағайындалды

Азамат Едрисов 53 жаста. Ол Қарағандының тумасы, ҚарМУ-дың физика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын осы оқу орнында бастады. Мәскеудегі Карпов атындағы физикалық-химия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

Аспирантурадан кейін 1993 жылдан бастап органикалық синтез және көмірсутегі институтында жетекші инженер және атқарушы ғылыми қызметкер лауазымдары бойынша еңбек еткен. 

2006-2014 жылдары Қарағандыдағы Қазақстан-Ресей университетінің бірінші проректоры болды.

В 2006 жылы химия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғаған. 2010 жылдан бастап профессор. 2012 жылы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды.

2015 жылдан бастап ректор қызметіне тағайындалғанға дейін Назарбаев университетінде күн энергиясы зертханасын басқарды.

Азамат Едрисов 70-тен астам ғылыми еңбектердің, екі монография мен бір оқу әдістемесінің авторы.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»

Қарағанды