Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019

Ежелгі қазыналар ордасы

557 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында өткен аптаның соңында ұйымдастырылған кезекті жиында Түркістан облысы аумағында орналасқан Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің атқарған шаруалары жайлы таныстырылым болды.  

Ежелгі қазыналар ордасы

Осыдан дәл 40 жыл бұ­рын шаңырақ көтерген «Әзірет Сұл­тан» мемле­кеттік тарихи-мәдени қорық-музейі - қазіргі таңда еліміздегі ең танымал мә­дени ошақ­­тардың бірі. Он­да археология және ес­керткіштерді қорғау, ғылыми-зерттеу, қор сақ­тау, экскурсия және наси­хат, шаруашылық қатарлы бөлім­дер бар. Алғаш құрылғанда мекеменің жәдігер қоры шамамен 700 бірлік болса, қазіргі саны – 24 421 дана. 

Қорық-музейдің тарихи тамырын тереңдетіп тұрған: Үкаша ата, Жүсіп ата, Гауһар ана кесенелері мен Сауран қалашығы туристер табан тірейтін көрікті нысан десек, музей қорында сақталған аса құнды дүниелер: ХІV ға­сыр туындылары – тайқазан, ту­дың ұша­рындағы лауһа, көне шырағ­дан (суретте) мен Ясауи­дің «Диуани хик­мет» кітабының тұ­п­нұсқасын қызық­таушылар өте көп.

Өткен жыл бұл мұраларды 1 095 533 адам келіп тама­шалапты. Сондай-ақ жо­ғарыдағы тарихи ны­сандардың үш тілде жа­салған 3D тур таныстырылым нұсқасы да турист тартуға қо­лайы. Ерек­шелеп айтуға тұратын оқи­ға қо­рық-музей тарихта тұңғыш рет Түркия, Грекия, Ресей, Өзбекстан қатарлы елдерге көшпелі көрме ұйым­дас­тырған. 

– Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағ­дар­ламалық мақаласын жандан­­дыру мақсатында биыл «Хан мешіті», «Хан ордасы» «Күлтөбе қала­шығы», «Жеті ата», «Дар­база», «Мүсәлла», «Тә­кия» қақпалары қал­пына келтіріліп, орта­ғасырлық магистральды жүйе­лерге қазба жұмыстары жүр­гізіліп, сауда-саттық орын­дары туристерге қыз­мет көр­сететін болады, – деді жиынды қо­ры­­тындылаған ме­кеме басшысы Нұрболат Ахмет­жанов.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»