Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018

Бардың бағасын білетін уақыт - Маралтай Райымбекұлы

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бардың бағасын білетін уақыт - Маралтай Райымбекұлы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр Жолдауын халық асыға күтіп отыратын жағдайға жетті. Себебі Елбасы Жолдауында көрсетілген еліміздің рухани дамуы һәм жандануына байланысты әр сөйлем ғана емес, әр сөздің астарында Қазақ елі мен мемлекетінің әлем алдындағы абыройын өсіріп қана қоймай, қазақ халқының терең тамырлы ел екенін айшықтайтын қасиет жатқанын көреміз. 

Міне, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласымен қауыштық. Мақаланың тақырыбының өзі-ақ «Мен қазақпын» деген кісінің делебесін қоздырып, ұрпақ бойына бабалар рухының асыл болмысын құйып жібергендей әсерде болдық. Құдайға шүкір, негізсіз ел емеспіз ғой! Сол барымыздың бағасын базарлай алатын уақыт бүгін мүмкін болып тұр. Осы мүмкіндікті уыс­тан шығарып алсақ, болашақ бізді кешпейді. Сондықтан Елбасы осы тұжырымдамасында атап көрсеткен құндылықтарды ел игілігіне исіндіру жолында күллі Қазақстан халқы бір атаның баласындай құлшына күш біріктіруге тиіспіз! 

Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ,

ақын

АЛМАТЫ