Үкімет • 12 Желтоқсан, 2018

Б.Сағынтаев бірқатар қаулыға өзгеріс енгізді

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Б.Сағынтаев бірқатар қаулыға өзгеріс енгізді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы 7 желтоқсан     №811    Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 4) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы 7 желтоқсан     №817     Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №49-50, 575-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-ші және 5-ші сағаттық белдеулерде орналасады деп белгіленсін. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына сәйкес сағаттық белдеулердің шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Түркістан облысының арасында өтеді.»;

Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қызылорда облысының әкімдігі 2018 жылғы 20 желтоқсаннан 21 желтоқсанға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.».

2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулы күшіне енген кезден бастап халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ