Үкімет • 25 Қаңтар, 2018

Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Отырыс барысында Трансформациялау бағдарламасы аясында Қор қызметінің 2017 жылға қорытындысы бойынша есептер тыңдалды, сондай-ақ жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру және Қордың активтерін ІРО-ға дайындау мәселелері талқыланды.