Аймақтар • 25 Қаңтар, 2018

Павлодар облысында 200 бас мал ұрланған

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, өткен жылы  126-мал ұрлығы даладағы жайылымдарда жасалса,  74-і ауылдағы қоралардан әкетілген. 

Павлодар облысында 200 бас мал ұрланған

Ауылдықтардан 366 арыз-шағым түссе, полицияның жедел іздестіру нәтижесінде 194 бас мал иелеріне қайтарылыпты. Қазір 172 мал әлі іздестірілуде. Полицейлер 78 жеке ұрыны және мал ұрлығымен айналысатын  20 қылмыстық топты қолға түсірді. Мал ұрлығы оқиғасы өңірдегі барлық аудандарда кездеседі. Көршілес облыстардан да келіп өңірдегі  малдарды, жылқыларды  ұрлап әкететін ұрылардың  да  жоспарын іске аспапты. Шарбақты ауданында жайылымда  жүрген  сиырларды мылтықпен атып, көлігіне тиеп келе жатқан жүргізуші қолға түседі.Қашыр ауданында өткен жылы ауданда 54 бас мал ұрланған. Сондықтан, жергілікті полиция қызметі  өңірдегі ет өнімдерін сататын базарларда мал ұрлығымен айналысатын адамдарды анықтауға арналған жедел-іздестіру шараларын жүргізеді. Аудандарда мал ұрлығының алдын алу мақсатында мобильді топтар құрылған. Полиция қызметі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, «Қыстау», «Скотокрад», «Малыңызды сақтаңыз!» шараларын өткізеді.

 

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан

Павлодар