Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018

Дария Қожамжарова: Елбасы өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға зор назар аударды

347 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған басты құжат болып есептеледі. Жалпы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызмет көрсету, көлік және байланыс сапасының жақсаруы – өмір сүру деңгейінің басты көрсеткіштері.

Дария Қожамжарова: Елбасы өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға зор назар аударды

Елбасы өзінің Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға зор назар аударды. Оның ішінде қоғам­ның әртүрлі сатылары бар. Ға­лымдар, студенттер, оқушылар зей­неткерлер мен жұмыскерлер, қоғамның әр мүшесі болашақта өзінің даму жолдарын осы Жол­даудан айқын көре алатынына сенім­дімін. Әрине басты мақсат – д­амыған 30 елдің қатарына қосы­лу. Бұл айналып келгенде өмірдің сапасын жоғары көтеру болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­дауында жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғанын атап өтті. Білім беру саласының қызмет­кері бол­ғандықтан, бізге адам капи­та­лы­ның жаңа сапасына қатысты же­тін­ші міндет көп ой салып отыр.

Президент барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйе­міз­ді құруды жеделдету қа­жет­ті­­гін айтады. «Білім беру бағдар­­ла­маларының негізгі басым­ды­ғы өз­ге­ріс­терге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабі­летін дамыту болуға тиіс. 2019 жыл­дың 1 қыркүйегіне қарай мек­теп­ке дейінгі білім беру ісін­де бала­лар­дың ерте дамуы үшін өз бе­тінше оқу машығы мен әлеу­мет­тік дағдысын дамытатын бағ­дар­ламалардың бірыңғай стан­дарт­тарын енгізу қажет», дейді Елбасы. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұн­ға көшу басталды, бұл 2021 жылы аяқ­тал­а­тын болады. Мемлекет бас­шысы атап өткендей, бұл – мүл­де жаңа бағдарламалар, оқу­лық­тар, стандарттар және кадрлар. Педа­гог­тарды оқыту және олардың білік­тілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болып отыр.

Тараз мемлекеттік педагоги­калық университетінің Монито­ринг және педагогикалық зерттеулер орталығы өңір мектептерімен тығыз байланыс орнатып, зерттеулер жүргізіп келеді. Орталық­тың мақсаты – облысымыздағы 451 мектепке кешенді әдістемелік қолдау көрсету жұмысын үйлес­тіру, жаңартылған мазмұнда шы­ға­рылып жатқан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын зерделеу, оқу үрдісін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізу. Осы мониторинг нәтижесінде келе­сідей мәлі­мет жинақтал­ды. Атап айтқанда, бүгінде Жамбыл облысындағы 2 мектептің (Та­раз қаласы, №41 гимназия; Т.Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицей) 3-сыныптарында (271 оқушы) жаңа стандартқа сай әзірленген оқу­лықтар мен оқу-әдістемелік кешен­дері, оқу жоспарлары мен бағдар­ламалар сынақ­тан өткізілуде.

Жаңартылған білім беру маз­­мұны бойынша 675 мектеп әкім­шілігі, 5082 бастауыш және негізгі сыныптарда сабақ беретін педагогтар білім жетілдіру курс­тары­нан өтсе, 556 мұғалім тре­нер­­­лерді дайындау курстарында бі­лі­мін жетілдірді. Алайда бұл жет­­кіліксіз. Осы орайда Тараз мем­­лекеттік педагогикалық уни­вер­­ситеті кешенді жұмыс атқарып жатыр. Атап айтқанда, биылғы 3-курс сту­денттері 2019 жылы оқу орнын тәмамдап, орта мектеп­тер­ге жас маман ретінде жаппай үш­тіл­ді білім беру процесіне кіріс­келі тұр. Осыған орай стейк­хол­дер­­лер­дің ұсыныстарын ескере оты­рып, жаңартылған білім беру маз­мұ­­нына сәйкес элективті пән­дер оқытылуда.

«Білім берудің барлық дең­гейінде математика және жараты­лыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты», дейді Президент. Біздің жоғары оқу орнында Дублин дискрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламалары енгізілді. Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимн­азиясының базасында экс­пери­менталды-тәжірибелік алаң ашылып, университеттің про­фессор-оқытушылар құрамы физика, биология, химия, информатика пәндерін тіл мен мазмұнды кіріктіріп оқыту технологиясы бо­йынша үздіксіз оқыту семи­нар­лары сериясын өткізіп, тео­рия­лық-әдістемелік қолдау көр­се­тілуде. Тараз мемлекеттік педа­­го­гикалық университетіне Гер­­мания, Ұлыбритания, Бела­русь, Ресейден сарапшы ғалым­дар ша­қырылып, жаратылыстану ба­ғы­тындағы оқу пәндерін ағыл­­шын тілінде оқытатын мектеп мұғалімдеріне арналған «Тіл мен мазмұнды кіріктіріп оқы­ту техно­логиясын (CLIL) қол­дану қа­ғи­­далары» бағытында ха­лық­­­ара­лық оқыту семинарлар серия­­сы ұйымдастырылып жатыр. Кем­бридж университеті және Злинь ун­иверситетінің ынты­мақ­тастығы ая­сында «Үш­тілді білім беру жағ­да­йында тілдік ортаға ену және кіріктірілген оқыту» атты бірлес­кен жоба CLIL технология­сы­на негізде­ліп, 5В011200-«Химия», 5В011400-«Тарих» білім бе­ру бағ­­­дар­­ламалары бойынша іс­ке асы­­ры­лып, бірінші кезеңі аяқ­тал­ды.

Жолдауда «Жоғары оқу орын­­дары шетелдердің жетекші уни­верситеттерімен, ғылы­ми ор­та­лықтарымен, ірі кәсіпорын­да­ры­мен және трансұлттық корпо­ра­циялармен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет» деп айтылғандай, «Қазақ­стан Республикасында үш­­тілді білім беру саясатын жү­зе­ге асыру аясында орта білім бе­ре­­­тін мектептерде пән мен тілді кі­рік­­­­тіре оқыту технологиясын (CLIL) енгізу» жалпы сомасы 41 млн теңге болатын ғылыми-зерт­теу жобасы қолға алынды. Жо­ба­ға Англияның Кембридж уни­вер­­­си­тетінің, Германияның Гам­бург уни­­верситеті мен Чехия­ның Злинь университетінің ғалым­дары қатысатын болады. Жол­дау­да жоға­ры білім беру жүйе­сіне қатыс­ты ай­тыл­ған мін­деттерді орын­дау­ға ТарМПУ ұжымы аянбай атсалысады.

Мемлекет басшысы белгілеп берген он кешенді міндетті іс жүзіне асыру мақсатында жұмыла еңбек етіп, бірлігімізді берік, берекемізді баян­ды ете беру басты парызымыз болмақ.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, ҰҒА академигі