23 Желтоқсан, 2017

Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапармен келмек

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қырғызстан Президент аппараты Сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Айзада Субакожаеваның хабарламасына сілтеме жасап «khabar.org» жазды.

Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапармен келмек

khabar.org

«25-26 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапармен келмек. Сапар аясында шағын жүздесу және кеңейтілген құрамдағы кездесулер жоспарланған. Екі елдің басшылары екіжақты әріптестік пен ЕАЭО аясындағы әріптестіктің мәселелерін талқыламақ», делінген Айзада Субакожоеваның хабарламасында.

Еске сала кетейік, екі ел басшысы 30 қарашада Минскіде кездескен болатын. Кездесу нәтижесінде екі елдің үкіметтері арасында сауда-экономикалық әріптестік бойынша және кедендік басқару, салықтық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау бойынша «жол картасына» қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00