Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2017

Атырау облыстық білім беру басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

1933 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың бас мұғалімі болған 44 жастағы Қайырғали Кенжеғалиев бұған дейін облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған,- деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық білім беру басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Жаңа басшыны облыс активі жиынында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев таныстырды. 
Қайырғали Кенжеғалиев қарапайым мұғалімнен мемлекеттік қызметкерге дейінгі еңбек жолынан өткен. Атырау қаласындағы білім беру мекемелерінде басшылық лауазымда болды. 
 
2016 жылдың желтоқсанынан бері Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары. 
Нұрлан Ноғаев жаңа басшыны лауазымымен құттықтап, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аймақ басшысы облыстағы білім беру саласында оң өзгерістер болуы керектігін атап айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35