Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Қасірет картиналары

707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында елордадағы Қа­зақ­­­с­тан Республикасының Қарулы күш­те­рі Әс­­ке­ри-тарихи му­зейінде 29 тамыз – Ядро­лық сы­нақ­­тар­ға қарсы ха­лық­ара­лық кү­ніне орай Қазақ­с­тан­ның еңбек сіңірген қай­­рат­кері, суретші Қоңыр Мұ­­ха­­­медиевтің «Туған өл­кем – тағ­­­дырым» атты көр­ме­сі өтті.

 

Қасірет картиналары

Көрме тақырыбы – полигон зардабы. Өйткені, көрме авторы полигон аймағында туып-өс­кен. Яғни, ядролық жарылыс зар­дапта­рын көзімен көрген, жанымен сез­інген. Сондықтан да, ешқашан ұмы­туға болмайтын қасіретті қа­ғаз бетіне бейнелеуді мақсат тұ­тыпты. Жұмысы кәдімгі қа­ғазға қара қарындашпен салын­ған қарапайым графика.

Көрме сөресінен орын алған 20-ға жуық туындының дені – қа­сірет картиналары. Атап айт­қанда, «Зобалаң», «Дерт», «Орын­­далмайтын арман», «Екі күн», «Жарылыс», «Қорқыныш» т.б.

«Орындалмайтын ар­ман» атты картинаға назар ау­да­рыңыз: қос қолы жоқ мүгедек ба­ла алдында шашылған асыққа қа­рап мұңайып отыр. Яғни, ұл­-
д­ың қолын жалмаған қасірет – ядролық сынақ. Сол сияқты, ала­пат жарылыстан соң аспанда пай­да болатын сәулелі шеңбер құ­дайдың күнімен қосақтасып, со­ның кесірінен бесіктегі сәбиін шы­рылдай қорғаған ана бейнесі, қазақтың қарашаңырағын тал­қан­дай жарылған тақсіреттің сал­дарынан көгі сөгілген кереге, жі­бі үзілген босаға... қазақ айтат­ын «күлің көкке ұшсын» дәл осы емес пе?!

Қысқасы, суретші қазақ қа­сі­ре­тін, бояумен тамаша жеткізе білген.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»