Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Астанада ЭКС­ПО-2017 халық­аралық ма­ман­­дандырылған көрме ая­сын­да ұйымдас­тырылған то­ғыз­құмалақтан IV әлем чем­пи­онатының ашылу салтана­ты өтті. Төртінші рет ұйым­дас­тырылған байрақты бәсекеде әлем­нің 25 елінен 70-тен астам спорт­шы өздерінің бақтарын сы­науда. Халықаралық турнир Дү­ниежүзілік тоғызқұмалақ феде­рациясы, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қа­л­асы әкімдігінің мұрындық бо­луымен өткізіліп жатыр.

 

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

Жарыстың ашылу салтана­тына Дүниежүзілік тоғыз­қ­ұ­малақ федерациясының пре­зиденті Әлихан Байменов, Қазақ­стан Республикасы Мә­де­ниет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру іс­тері комитетінің төрағасы Ел­сияр Қанағатов қатысып, то­ғызқұмалақшыларға сәттілік ті­леді.

Әлихан Байменовтің ай­туын­ша, елімізде то­ғыз­құ­малақпен айналысатын­дар­дың қатары артып келеді. «То­ғызқұмалақтан Алматыда өт­кен тұңғыш республикалық сай­ысқа төрт-ақ адам қатысса, бү­гінгі күні аталған спорт түрімен айналысатындардың саны 200 мыңнан асқан. Соның ішінде тоғыз мыңға жуық спортшы тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады», деді ол.

Сондай-ақ, тоғызқұма­лақ­пен айналысатын шетелдік спорт­шылардың да қатары өсу үс­т­інде. Оның дәлелі ретінде би­ылғы әлем біріншілігіне Аус­трия, Камерун, Польша және Ук­раина елдерінің спортшылары тұңғыш рет қатысып жатса, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және тағы басқа мемлекеттің спортшылары тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына тұрақты түрде қатысады.

Чемпионат ерлер және әйел­дер арасында жеке-жеке классика, рапид, блиц бойынша өту­де. Сондай-ақ, биыл әлем чем­пионатының тарихында ал­ғаш рет жұптық командалық жа­рыс өткізілмек. Оған әр мемле­кеттен бір ер және бір әйел адам қатысады.

Тоғызқұмалақтан әлем чем­пи­онатының мақсаты – қа­зақ­тың ұлттық зияткерлік ойынын әлемдік деңгейде насихат­тау, оның бұқаралық сипатын арттыру және осы спорт тү­ріндегі ең үздік спортшыларды анықтау.

Айта кетейік, тоғызқұ­ма­лақтан тұңғыш әлем чемпион­а­ты 2010 жылы елордада өт­се, екінші чемпионат 2012 жы­лы Чехияның Пардубице қа­ла­сында ұйымдастырылған. Ал үшінші әлем біріншілігі 2015 жы­лы Алматыда өткен бо­ла­тын. Әлем чемпионаты 8 қыр­күйекке дейін жалғасады.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»