Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Жарияланған реформаларға жан-жақты қолдау

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы азамат­тар­дың конституциялық құқықтарының сенімді қорғалуына және сот жүйе­сінің дамуына әрдайым ерекше назар аударып келеді. Бұл туралы жа­қында Бурабайда БАҚ-қа берген сұхбатында және Ақордада өткен кеңес­те де сот ка­др­ларын жақсарту, сот ісін жүргізуді оңай­лату және басқа да мәселелерді ерек­ше атап өтті.


Жарияланған реформаларға жан-жақты қолдау

Елбасы кеше Парламентте сөй­­леген сөзінде де, сот бақы­лау­ын кеңейтуге, адвока­ту­раның рөлін және соттағы сөз жарыс­палы­лы­ғын арттыруға байланысты проб­ле­ма­ларға ерекше назар аударды.

Судьялар корпусы Мемлекет басшысы жариялаған реформаларды толық қолдайды. Ведомствоаралық жұмыс тобы аясында біз күдіктілерді сотқа дейін қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қыс­қар­ту, барлық жасырын тергеу іс-қи­мыл­дарын соттың санкциялауы сияқ­ты маңызды бастамаларды енгіздік.

Германия, Эстония, Ұлыбри­тания және Грузия тәрізді елдердің озық сот тәжірибесін зерделеп, тың іс-қи­мыл­дарға әзірленудеміз.

Бұған қоса, Ұлт Жоспары шең­бе­рінде Жоғарғы Соттың жанынан құ­рыл­ған Халықаралық кеңестің ұсы­нымдары өте маңызды. Кеңес мүшелері адвокатура институтын дамыту шараларына қатысты өздерінің ойларын ұсынып отыр.

Сот кадрларына қатысты да ау­қым­ды жұмыс жүргізілуде. Бес жылда ке­­мінде бір рет барлық судьялардың білік­­тілігі тексерілетін болды. Судьялар Сот төрелігі ака­де­миясының базасында өздерінің бі­лімдерін әрдайым арттырып отырады. Сот әділдігін жүзеге асы­рудың бүкіл процесі ақпараттық жүйеге тіркелді. Мұның бәрі заң үстем­дігін іс жүзінде қамтамасыз етуге бейімделген заманауи жаңа­лық­тар деп айтуға лайық.

Елбасы жариялаған бүгінгі реформаларда өте өзекті және де аза­мат­тардың конституциялық құқық­тарының қорғалу кепілін одан әрі күшейтетін болады.

Президент елімізді Эконо­ми­ка­лық ын­тымақтастық және даму ұйы­мы (ЭЫДҰ) елдерінің ең озық халықаралық стандарттарына же­телейтін айқын әрі нақты тетіктерді белгілеп берді.

Қайрат МӘМИ,
Жоғарғы сот төрағасы