Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2017

Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2017 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады

 "Өткен демалыс күндері Қазақстанда ауа-райы жауын-шашынсыз ыстық болды, максималды ауа температурасы +28 - +35 градусқа дейін жетті, ал республиканың оңтүстігінде +38 - +41 градус болды, бұл климаттық нормадан 4-14 градусқа жоғары. Алайда алдағы тәуліктерде Поволжья аудандарынан ығысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы шығысқа қарай жылжитын болады", - делінген хабарламада. 

Синоптиктер осы циклонның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай кезіндегі екпінді желдің күші 17-22 метр секундына жетеді деп болжайды мамандар. Циклонның тылына тау тарамы жағынан суық антициклон таралып, соның ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде ғана емес оңтүстігінде де ыстық едәуір әлсірейді.