Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2017

2020 жылға қарай Астанаға жылына 2 млн турист келеді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЭКСПО» көрмесін өткізу арқасында Астанаға 4,5 млн адам саяxаттап келген. Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,9 млн адамға көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

2020 жылға қарай Астанаға жылына 2 млн турист келеді

Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың мәліметі бойынша туризм саласын дамыту үшін елорда әкімдігі 2020 жылға дейін туристер санын жылына 2 млн-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Туризм саласын дамыту үшін біз Horwath компаниясымен жұмыс істейміз. Туризмге қатысты әзірленген жаңа бағдарламада жылына 2 млн-ға дейін турист тартуды көздеп отырмыз, олардың 1 млн-нан астамы шетелдік болмақ. Өткен жылы туристердің жалпы саны 831 мың адамға жетті. Олардың 273 мыңы – шетелдіктер»,- деді Малика Бектұрова.

Бүгінде әкімдік Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, ЭКСПО аясында өткізілген шараларды тексерді. Қазіргі уақытта соған орай жылына xалықаралық деңгейдегі 40 шараны қамтитын тізім анықталуда.

«Онымен бірге біз мәдени және спорттық нысандар базасында туристерді тарту орталығын дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ мұражайларды және ойын-сауық орталықтарды дамытудамыз. Біз 6 мәдени спорттық нысанды іріктеп алдық: Барыс-Арена, Астана-арена, «Алау» мұз айдыны, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Жастар» сарайы, Астаналық цирк. Осы нысаналарды сенім басқармасына беру арқылы бюджет қаражатының үнемделуі жылына 11,9 млн долларды құрайды»,- деді Астаны әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.