Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017

ҚХА қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚХА қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қымбатты отандастар! 
Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді барша мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі – Құрбан айтпен құттықтайды!   
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітіліп, өмірімізге енген бұл мейрам еліміздің мұсылмандарын ғана емес, Қазақстандағы барша халықты біріктіре түсті және жыл сайын ыстық ықыласпен атап өтілуде.   
Құрбан айт – рухани тазалық пен жан ізгілігін, адалдық пен терең сенімді ұлықтайтын мереке. Ол – бағасын ешқашан жоғалтпайтын құндылықтардың: парасаттылықтың, жан дүние пәктігінің, жомарттықтың, бейбітшілік сүйгіштіктің, адамдарға деген жанашырлық пен сүйіспеншіліктің нышаны.
Халқымыздың ауызбіршілігін нығайтуға, мәдени һәм рухани құндылықтарымызды дамытуға еліміздегі түрлі дін өкілдерінің татулығы септігін тигізуде. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы ел азаматтарын айт күндері мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, жақындарына қамқорлық танытуға шақырады.    
Ұлық айт күнгі жасаған ниет-амалдарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз нұрға толсын! 
Елімізде әрдайым бейбітшілік, бірлік пен келісім салтанат құрсын! Мейрам қуаныш пен берекесін әкелсін! 
Айт мүбәрак болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі