Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Аймақтағы кездесу

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен сенатор Ерік Сұлтанов аймақтарға сапар аясында Солтүстік Қазақстан облыстық және Петропавл қаласы прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитет басқармасының жеке құрамымен кездесті.

Аймақтағы кездесу

Сурет: vlast.kz

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Парламент қабылдаған заң­дар­дың негізгі ережелері туралы айтылды.

Сенаторлар прокуратура ұжымын заң шығару жұмыстары туралы хабардар етіп, облыс прокуратурасының мұражайында болды, қадағалаушы органның жұмысымен танысты. 

Кездесу соңында Б.Бек­на­заров прокуратура ұжымын қабылданған құқықтық актілерді талқылауға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлады Пар­ламент Сенатының баспасөз қыз­меті.