Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның кезекті отырысы өтті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында қазіргі кездегі ғылымды дамытудың басым бағыттары, сондай-ақ, ғылымды одан әрі қаржыландыру мәселелері мен елімізде фармацевтикалық кластерді дамыту мақсатында әзірленген Білім және ғылым министрлігінің «2018-2020 жылдарға арналған бірегей дәрі-дәрмектерді әзірлеу мен оларды зерттеу нәтижелерін коммерция­ландыру» бағдарламасының ғылыми-техникалық жобасы талқыланды.

Еске сала кетейік, Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Үкімет қаулысымен 2011 жылғы 20 сәуірде құрылған және ол – Қазақстан Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Комиссия отырыстары қажеттілігіне байланысты жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.
 

Соңғы жаңалықтар