Филиппиндік Мэнни Пакьяо ұлыбританиялық боксшы Амир Ханмен жекпе-жек өткізетінін туиттерінде хабарлады.
Бұған дейін оның кезекті қарсыласы австралиялық Джефф Хорн болатыны хабарланған. The Guardian басылымының мәліметі бойынша Филиппиннің әйгілі спортшысымен бокс кешін ұйымдастыру жөнінде Австралияның Квинсленд штатының билігі қатты үміттенген.
30 жастағы Хан өткен жылдың мамыр айында Сауль Альвареспен кездесуінен кейін шаршы алаңға шықпаған. Мексикалық боксшымен жекпе-жекке шығу үшін ол салмағын екі дәрежеге көтерген. Нәтижесінде, алтыншы раундта нокаутпен жеңілді. Сондай-ақ, Пакьяомен күш сынасуы үшін тағы да салмағын өзгертуге бел буып отыр.
«Ұрыс жартылай орта салмақтағы WBO белбеуі үшін өтеді. Пакьяоны жеңуіге шамам жетеді деп ойлаймын. Бокс кешін Ұлыбританияда, Дубайда немесе АҚШ-та өткізуіміз мүмкін», – деді Амир Хан.
Мэнни Пакьяо өткен жылдың қараша айында жартылай орта салмақта америкалық Джесси Варгасты ұпай санымен жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған.
Қос боксшының арасындағы кездесу 23 сәуірге белгіленген. Әзірге қай аренада өтетіні белгісіз.

Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Футбол • Бүгін, 08:41
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:18
Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше