Осыдан бір жыл бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына арнайы барып, сол жұмыс сапарында Алакөлдің жағалауындағы демалыс аймағын дамыту мәселесі жөнінде алқалы жиын өткізген еді. Жиналысқа демалыс базаларының иелері, кәсіпкерлер, мекеме басшылары қатысты. Облыс әкімі соңғы кезде жағалауы да, жағдайы да сын көтермей кеткен Алакөлдің ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, көл жағасын ретке келтіру керектігін басты міндет қып қойды. Тіпті, облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, ол ең алдымен, жағалауды абаттандыруға жұмсалатындығынан да хабардар етті. Сөйтіп, жиналыста белгілі болғандай, бір жылдан соң халықаралық маңызы бар нысан Алакөлде, ғажайып жағажай, демалыс саябағы, Арбат үлгісіндегі көше, автобекет пен 200 көлікке арналған тұрақ салынатын болды. Дегенмен, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы сол жолғы жиында, Алакөлдің кемшіліктерін тайға таңба басқандай атап көрсетті. Мәселен, көл жағалауындағы 200-ге тарта базаның 50-і ғана заңдастырылған. Демалыс базасында ешқандай қауіпсіздік шаралары қамтылмапты. Халықтан оңай жолмен ақша алып, бірақ демалушыларға жағдай жасамауға барлығының еті үйреніп алған.
Міне, осы проблемалар бір жыл бұрын нақты айтылса да, Абай атамыз айтқандай, «баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас» дегеннің кебін киген Алакөлдің мәселесі сол күйі қалса керек. Себебі, биыл Алакөл туристерді қабылдай алмайтын болды. Бұған облыс әкімі тыйым салды. Өйткені, осындағы 147 туристік нысанның 139-ы санитарлық тексеруден өтпеген. Мамандар арнайы барып тексергенде белгілі болғандай, демалыс аймағында қауіпсіздік шараларын ретке келтіру қолға алынбаған. Қажетті инфрақұрылым жоқ. Облыс әкімі Даниал Ахметов Алакөлдің жағдайына байланысты өткен биылғы жиында осы проблемаларды нақты көрсете келе былай деді:
– Алакөлдің маңынан жаңадан құрылыс нысандарын салуға тыйым салынады. Халықтың алдында әлеуметтік жауапкершілікті сезінбей отырсыздар. Жеңіл жолмен ақша тауып, қалтаға басқанды ғана білесіздер. Тіпті ас ішіп, ауқаттанатын мейрамханалардың да барлығы талапқа сай емес. Былтыр да осы, биыл да осы. Осылай күн көріп, қосымша бюджеттің де бүйірін соруға үйреніп алған сияқтысыздар. Алакөлдің маңын тәртіпке, ретке келтірмей, сіздерге бірде-бір тиын берілмейді. Былтырғы айтқан нұсқауды, тапсырманы орындаңыздар.
Десе де, облыстық әкімдік туристік бизнесті дамыту үшін деп 550 млн теңге бөлген екен. Бұл қаржы жеке-жеке үй тұрғызып алған кәсіпкерлерге емес, жалпыға ортақ халық демалатын жағажайды жөндеп, жолды ретке келтіруге берілетін болды.
Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің журналистерге берген ақпаратына келсек, Алакөлдің болашағы зор. Туризм кластерін құру бойынша іс-тәжірибелері мол стратегиялық инвесторларды тарту да ойларында бар. Демек, заманауи мейрамхана, қонақүй, сауда-логистикалық кешен, сауда үйі, асхана, шағын маркет, автосервис қызметі бір жерде шоғырланбақ.
Бірақ, облыс әкімінің бұл көлді сынға алып отырғаны дұрыс, дейді қарапайым халық. Көлдің тазалығы сын көтермейтіндігі рас. Бұл тек Шығыс Қазақстан облысына ғана қатысты емес, Алматы облысына да қатысты.
Олай болса, Алакөлде заман талабына сай тәртіп орнататын уақыт келген сияқты. Қолымыздағы алтынның қадірін уақытында бағалай білсек болғаны.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы

Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Футбол • Бүгін, 15:33
«Қазақмыс» Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 15:24
Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады
Экономика • Бүгін, 15:18
Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32