Облыс 2016 жылды табысты аяқтады. Өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 2,6 трлн теңгені құрады. Бюджетке түсетін салық көлемі де едәуір ұлғайып, 340 млрд теңгеге жетті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 42,1 пайызға артық. Соның ішінде жергілікті бюджетке 92,3 млрд теңге (13,7 пайыз өсіммен) түсіпті. Ай сайынғы кесімді еңбекақы 2016 жылы 15 пайызға артып, 119 мың теңгені құрады.
Өндірістік кәсіпорындар былтыр 1437,3 млрд теңгенің өнімдерін шығарса, кен өндірісінде және кеніштерді қазу барысында 118,2 млрд теңгенің өнімі алынған. Түсті металдар өндіру 32,7, табиғи газ өндіру көлемі 23,1 пайызға ұлғайыпты. Өңдеу кәсіпорындарында 1214,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, есепті мерзімде физикалық көлем индексі 2015 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады.
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы құны 5 млрд теңгені құрайтын алты жоба іске асырылып, 388 жаңа жұмыс орны ашылды.
Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті аймақтағы ірі кәсіпорындармен бірлесе отырып, құны 8 млрд теңгені құрайтын 10 ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмысты қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде медицинаға, мұнай-газ өнеркәсібіне, сондай-ақ, «жадау» кендерді тиімді өңдеуге арналған титан, тантал бұйымдарын және жоғары өткізгіштерді дайындау тұрғысындағы жоғары технологиялық өндірістерді құруға септігін тигізеді.
Шығыс Қазақстан – өндірісті өңір ғана емес, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған облыс. Аймақтағы бүкіл халықтың 40 пайызы ауылда тұрады.
Ауылды қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауылды жерлерде екінің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытып, өндірісті тиімді ұйымдастыру ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағытына айналды.
Егіннің жоғары шығымы мен мал шаруашылығындағы өнімділіктің арқасында саладағы жалпы физикалық өнім индексі 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады. Дәнді дақылдар бойынша соңғы жылдары болмаған рекордтық өнім алынды. Астық өнімділігі орта есеппен гектарына 18,1 центнерді құрап, бір миллион тоннадан астам дән қамбаға түсті.
Ет өндірісі – 5,8, сүт өндірісі – 5,9, жұмыртқа өндірісі 1,9 пайызға ұлғайды. Үлес салмақпен қарасақ, облыс республика көлемінде сүт өндірісі бойынша бірінші орында (15,8 пайыз), ет өндірісі бойынша екінші орында (15,2 пайыз), жұмыртқа өндірісі бойынша тоғызыншы орында (3,1 пайыз) тұр, деді облыс әкімі.
Өткен жылы ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту үшін «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары арқылы 4,1 мың бас ірі қара, 5,3 мың қой, 1,8 мың жылқы сатып алынған.
Аймақта ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша да тиісті жұмыстар қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда облыста 73 кооператив тіркелген.
Соңғы жылдары облыста сүт шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліне бастады. Қазіргі уақытта өңірде 50 сүт қабылдайтын бекет жұмыс істеп тұр. Бұған қоса 41 тауарлы-сүт фермасы салынып, қайта жаңғыртылуда.
Елбасының биылғы Жолдауында айтылған экспорт мәселесіне де өңірде айрықша көңіл бөлініп отыр. Облыста Ресей, Қытай, Иран және Таяу Шығыс елдеріне экспортқа шығаруды көздейтін ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл ретте «ЕвразияАгроХолдинг» ЖШС-ның жылына 11,5 мың тонна ет өндіретін мал сою цехын және 50 мың бас қой мен бір мың сиырды бір уақытта күтімде ұстайтын мал бордақылау алаңын салуды көздейтін құны 9,1 млрд теңгелік жобасын атап өтуге болады.
Мемлекет басшысының Жолдауда нұсқаған тапсырмаларына сәйкес әлемдік тәжірибелерді жергілікті жағдайға бейімдей отырып, инновациялық дамуды қолға алу шарт. Бүгінгі таңда майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы осы талаптарға мысал бола алады. Үш жылдың ішінде еуропалық (Clearfiled) және америкалық (Sunexpress) технологияларды пайдалана отырып, майлы дақылдардың жаңа сұрыптары мен гибридтері анықталды. Ал өткен жылы күнбағыстың гетерозисті үш гибриді сұрыптық сынамаға тапсырылды.
Бұл тұқым сұрыптары келешекте Қазақстан нарығының 20 пайызын қамтуы мүмкін. Одан әрі Қытай мен Ресей нарығына жол ашуға болады. Дәнді дақылдардың да келешегі зор тұқымдарын шығару бойынша шетелдік серіктестермен бірлескен жұмыстар жандануда, деді облыс басшысы.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы 12,7 млрд теңгенің 28 жобасы жүзеге асырылған. Ағымдағы жылы аталған бағдарлама шеңберінде 11,1 млрд теңге болатын 30 жоба іске асырылмақ.
2016 жылы облыс жолдарын жөндеуге және ұстап тұруға 15 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. 389 шақырым автокөлік жолы жөнделген (221 шақырым – облыстық маңыздағы). 2017 жылы республикалық маңыздағы 175 шақырым (3,5 млрд теңге) және облыстық маңыздағы 190 шақырым (3,8 млрд теңге) жолды орташа жөндеу жоспарланып отыр.
2016 жылы облыстың 12 акушер-гинекологы Англияның клиникаларында 6 айлық курстан өтті. Қазіргі уақытта 1 млрд теңгеге қаржыландырылатын медициналық кадрларды әзірлеу және оқытудың үшжылдық кешенді бағдарламасын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Үш жылдың ішінде ана мен баланы қорғау, онкология, жүрек-қан тамыры аурулары саласында жұмыс істейтін 150 маман кезең-кезеңмен қазақстандық және шетелдік үздік клиникаларда әзірліктен өтеді. Мұнымен қатар, бұл бағдарлама бірнеше деңгейдегі дәрігерлер мен мамандарды кешенді тәжірибелік оқытуды да қарастырады.
Семей қаласында «Абай Арена» заманауи мәдени-спорттық кешенінің құрылысы жоспарлануда, ол халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сай болады.
Демалыс аумақтарын дамыту бойынша басталған іс-шаралар жалғасатын болады. Үржар ауданындағы Алакөл жағасы инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жоспарлануда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 500 миллион теңге бөлінген.
Ұлан ауданындағы Сібе көлдерінің (Шалқар көлі) жағасына қоғамдық жағажай салынып, жағаны абаттандыру жалғасады.
Ағымдағы жылы топтық визалар аясында Қытай Халық Республикасынан туристер ағынын әрі қарай ұлғайту жоспарланып отыр. Облыстың туристік әлеуетін таныстыру бойынша көшпелі ақпараттық турлар ұйымдастырылатын болады.
Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43
«Әділет» партиясының атынан жалған аккаунт пен парақшалар ашылған
Саясат • Бүгін, 10:40
Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
Футбол • Бүгін, 10:05
Шымкент тұрғыны анасынан қалған мұраны қайтару үшін бауырларымен соттасты
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны артты
Әлем • Бүгін, 09:19
Спорт • Бүгін, 09:00