Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарының алтыншы күні аяқталды.
Осы уақыт аралығында командалық есепте Жапония құрамасы 56 медалімен (19 алтын, 19 күміс, 18 қола) көш бастаса, екінші орында Оңтүстік Корея келеді. Олардың еншісінде 14 алтын, 14 күміс, 14 қола бар. Ал үштікті Қытай құрамасы түйіндеп тұр. Аспанасты елінің спортшылары алты күннің ішінде 9 алтын, 8 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алды.
Ал Қазақстан құрамасы әзірге төртінші орында келеді. Осы уақыт аралығында жерлестеріміз барлығы 19 медальға қол жеткізді. Оның бесеуі – алтын, алтауы – күміс, сегізі – қола.
Айта кетейік, бүгін ел қоржынына биатлоншыларымыздан Ян Савицкий (12,5 шақырым) күміс, Галина Вишневская (10 шақырым) алтын, параллельді могул жарысында Юлия Галышева алтын, фристайлшы Дмитрий Рейхерд жұптық могул жарысында қола, шаңғы эстафетасында ерлеріміз күміс, шаңғымен трамплиннен секіру жарысында Марат Жаппаров қола медаль салды.
• 24 Ақпан, 2017
Азиада-2017. Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орында келеді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше