Министрлік басшылығымен және ТОҒЗИ қызметкерлерімен кездесу барысында Б.Әйтімова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жария еткен 5 институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау бойынша Парламенттің қызметі туралы хабардар етті. Сенат комитетінің төрайымы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басымдықтарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге баса назар аударды.
Сенатор денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудағы институттың елеулі үлесін атап өтсе, ТОҒЗИ директоры Нұрлан Батпенов институт жұмысымен таныстырды және оның қызметіндегі негізгі көрсеткіштер туралы айта келіп, институттағы және бүкіл еліміздегі травматология-ортопедия қызметіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Институт ұжымымен отандық денсаулық сақтау саласын дамытудың келешегі туралы мүдделі пікірсайыс өрістеді.
Шараны қорытындылай келіп, Б.Әйтімова сенаторлар осы медициналық мекеменің жағдайынан ғана емес, жалпы медицина саласының ахуалынан хабардар болғанын жеткізді. Айтылған ұсыныстар еліміздегі сақтандыру медицинасы саласының нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру барысында ескерілетін болады.
Бұл сапар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа үлгісін енгізуге әзірлік аясында комитет мүшелерін медициналық ұйымдармен таныстыру шаралары бағдарламасы бойынша жүзеге асқан болатын. Комитет бұған дейін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының басшылығымен де кездесу өткізген болатын.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше