Осыдан 6-7 жыл бұрын Талдықорған қаласында тұратын Айбек Бауыржанұлы орта мектепті бітіріп, архитектура институтына құжаттарын тапсырды. Алайда, бұл мамандықты қалағандардан шығармашылық жұмыс талап етіледі екен. Ондай жұмыс Айбекте болмай шықты. Ләж жоқ, көкейіндегі архитектор болсам деген арманын машина жасау мамандығына айырбастап, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың студенті атанды. Бірақ қалай да архитектор болам деген мақсат оны студенттік шақтың алғашқы күнінен шиден мешіт жасау ісіне алып келді.
Жасар ісінің үлгісі ретінде әлемнің әйгілі кереметтерінің бірі, мәңгілік махаббат символы болып саналатын Үндістандағы Тәж-Махал кесенесін алды. Бұл айтуға оңай болғанымен, шеберлікті, ізденімпаздықты, ең ақыры көз майын тауысып отырып жұмыс істеуді талап ететін еді. Алғашқы жұмыстары сәтсіздікке ұшыраған кездері көп болды. Бірақ Айбек алған бетінен қайтпады, төзімділік пен шеберлікті қажет ететін машақатты жұмысқа төрт жылын арнады. Нәтижесінде, алғашқы архитектуралық жұмысы өмірге келді.Биіктігі 85 см, ауданы 120х120 см болатын шиден жасалған мұсылман өнерінің маржаны «Тәж-Махалды» аяқтап шықты. Оған 77 700 сіріңке шиі жұмсалды. Жоғары суреттегі көрер көзге кемшіліксіз тұрғызылған ши-сарайдың салтанатына қарата сын айту тіптен де мүмкін емес секілді.
Бүгінде Айбек оқуын бітіріп, дипломын қолына алған жас маман. Қызмет істейді. Қазір ол Астанамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің макетін жасауды ойына алып, дайындық жұмыстарын жасауда.
Сөз соңында мына бір мәселеге оқырмандардың назарын аударғымыз келеді. Бұл күндері әлемнің 23 елінде арнайы редакциясы мен өкілдіктері бар Гиннестің рекордтар кітабы дүние жүзі бойынша 100 мемлекетте 23 тілде басылады екен. Бұл кітапқа енгісі келген рекорд жасаушы адамның жас мөлшеріне шектеу жоқ. Ереже бойынша, жасалған рекордты видеоға түсіріп, монтаждамай кітаптың редакциясына жіберу керек. Рекорд жасар алдында Гиннес кітабының арнайы комиссиясын да шақыруға болады. Бірақ комиссияның келу жолын, тамағын және жатар орнын шақырушылар төлеуі тиіс деп жазылған. Олай болса, жас маманның осы бір керемет туындысын неге әлемге әйгілі кітапқа ұсынбасқа. Ол үшін қалталы ел азаматтары қолұшын беріп, арнайы комиссия мүшелерін шақыртуға кететін шығындарды көтеріп алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58