Нар тұлғалы азамат Құсан Мұқанов пен күміскөмей әнші Роза Бағланованың майдандағы және бейбіт өмірдегі кездесулері жайлы естелікті жергілікті өлкетанушы Сағидолла Икеновтен жазып алған едім.
– Бірде аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Кенжетай Ташкин мені шақырып алып: «Соғыста фашистердің шебіне бірнеше мәрте тереңдей еніп, талай «тіл» әкелген Құсан Мұқановтың ерліктері туралы бірде-бір сөз айтпағанымыз ұят. Есімі жер жүзіне танымал Роза Бағлановамен майдан шебінде кездесуінің өзі бір хикая емес пе? – деп бастаған еді әңгімесін Сағидолла ағамыз.
1943 жыл. Ленинград бағытында қанды шайқастың жүріп жатқан кезі. Осындай қауіп-қатерге қарамастан Қазақстаннан концерттік бригада майдан даласын аралауға шығады. Құрамында Роза Бағланова сияқты әншісі бар топ 106-шы барлаушылар ротасына аялдайды. Концерт басталып, шарықтау шегіне жеткенде жау жақтан зеңбіректер гүрсілдеп, ысқырынған снарядтар жер-дүниенің ойранын шығара бастайды. Рота командирі «Мұқанов, Розаны құтқар!» деп айғай салады. Сол-ақ екен, арыстандай атылған ағамыз оны алып денесімен қалқалаған күйі көз ілеспес жылдамдықпен окопқа күмп береді. Қазақтың қаршадай қызы ажалдан аман қалғанына көпке дейін сенбейді. Концерт аяқталған соң ағасына жолығып, аты-жөнін сұрайды. Ақ алғысын жаудырады. «Қай жерденсіз?» деген сауалға «Қазақстаннан. Көкше өңіріненмін» деп жауап береді. «Тірі болсам, сөз жоқ, тауып аламын» дейді қимай қоштасқан қарындасы.
Бір күні «КСРО халық әртісі Роза Бағланова Қызылтуға келе жатыр» деген хабар гу ете түсті. Бәрі аң-таң. Сөйтсе, араға 30 жыл салып, Құсан атамызды арнайы іздеп келіпті. Қандай кішіпейілділік, қарапайымдылық десеңші! «Осында аузын арандай ашқан ажалдан мені құтқарып қалған барлаушы тұрады. Ол кісі болмағанда осылай жер басып жүрер ме едім?» деп, облыс басшыларына аты-жөнін атапты. Аупарткомның бірінші хатшысының кабинетіне омырауы орден-медальдарға толы ағамыз кіріп келгенде, Роза апамыз орнынан атып тұрып, «Әкетайым менің» деп жылап көрісіпті. Қазақтың ата салтымен ізет көрсетіп, иығына Алматыдан әдейі алып келген зерлі шапанды жауыпты. Ағамыз Роза Тәжібайқызын үйіне шақырып, ұлан-асыр той жасапты. Екінші рет келгенде қасында баласы Тәжен, сондай-ақ, Ғарифолла Құрманғалиев, Байғали Досымжанов секілді атақты әртістер болды. Батыр барлаушы мен әйгілі әншінің бірге түскен суреті жергілікті мұражайда сақтаулы.
Құсан атамыз «Қызыл Жұлдыз», Даңқ, Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Соғыстан оралған соң көп жыл басқарма төрағасы қызметін атқарып, көзі жұмылғанша еңбектен қол үзбеді. Бәйбішесі Сәбира әжей екеуінен өрбіген ұл-қыздары мен немерелері – әртүрлі мамандық иелері.
Тағдырлары майдан даласында тоғысып, кейін бір-бірімен ағалы-қарындастай сыйласып өткен екі тұлғаның өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін ғибратты өнеге болары анық.
Күләш ЕГІМБАЕВА,
аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры
Солтүстік Қазақстан облысы,
Уәлиханов ауданы

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Спорт • Бүгін, 15:32
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 15:22
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Өнер • Бүгін, 15:01
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:55
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
Қоғам • Бүгін, 14:48
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59