Испания чемпионатының кейінге шегерілген 16-турында Мадридтің «Реалы» «Месталья» стадионында «Валенсия» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен есе жіберді. Дегенмен, алғашқы таймның соңына таман Криштиану Роналдудың соққан голы «корольдік клубтың» кезекті рекордына себепші болды.
Мадридтік ұжым осымен 43 ойында қатарынан гол соғып, өз рекордын жаңартты. Ал соңғы рет өткен жылдың 26 сәуірінде Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Манчестер Ситиге» (0:0) гол соқпаған. Осы уақыт аралығында Зинедин Зидан шәкірттері барлығы 42 матчта 113 гол салды.
Испания чемпионатының бұл рекорды «Барселонаға» тиесілі. 1942/43 және 1943/44 маусым аралығында каталондық клуб 44 ойын қатарынан қарсыластарын қапы қалдырған.
Айта кетейік, «Реал» бірер ай бұрын 40 матч қатарынан ұтылмай «Барселонаның» рекордын жаңартқан.
Биылғы маусымда 22 ойыннан 52 ұпай жинаған мадридтіктер турнирлік кестеде көш бастаса, 23 матчтан кейін 51 ұпаймен «Барселона» ізін қуып келеді. Дәл осынша ойынымен 49 ұпай жинаған «Севилья» үздік үштікті түйіндеп тұр.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше