Әлемдегі үздік бапкерлердің бірі Фредди Роуч көпшілік арасында қызу талқыланып жатқан жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор Макгрегор мен бес салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мэйуезер арасындағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді. Бұл туралы allfight.ru хабарлады.
«Қазір біз басқа кезеңде өмір сүріп жүрміз. Жұрт арасында қызу талқыланып жатқаннан кейін бұл айқас ұйымдастырылады деп шамалап отырмын. Маған тіпті, бұл кештің өтетінін, осыдан қомақты қаржы табуға болатынын Флойдтың өзі айтты. Конор – UFC чемпионы, Флойд – ұлы боксшы. Америкалық соққылардан тез сытылып шыға біледі. Ал Макгрегорға бокс стиліне дайындалу үшін біраз уақыт қажет. Әрине, екеуі шаршы алаңда жекпе-жек өткізетіндіктен Мэйуезер фаворит болып есептеледі. Бірақ кездесуді бір ғана соққы шешіп кетуі мүмкін екендігін де естен шығармаған жөн», – деді Фредди Роуч.
Макгрегор аралас жекпе-жекте соңғы айқасын өткен жылдың қараша айында Эдди Альвареске қарсы өткізген. Осыдан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді. Ал кіші Флойдпен шаршы алаңда жұдырықтасу үшін әуесқой бокста әлем чемпионы, отандасы Майкл Конланмен жаттығып жүр. Бұған дейін америкалық боксшымен 1 млрд доллар болатын ұрысы 2018 жылдың басында өтетінін айтқан.
Конлан – Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионы.
Айта кетейік, ирландиялық спортшы MMA-де 24 кездесу өткізіп, 21-ін жеңіспен аяқтаса, үшеуінде есе жіберген. Ал кіші Мэйуезер шаршы алаңдағы 49 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.
• 22 Ақпан, 2017
Мэйуезер мен Макгрегор айқасы келер жылы өтуі мүмкін (видео)

Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң
Ата заң • Бүгін, 22:54
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:45
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады
Спорт • Бүгін, 22:35
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 22:21
Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды
Дін • Бүгін, 22:12
Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?
Саясат • Бүгін, 22:05
Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 21:40
Медицина факультетінің студенттері жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 21:12
Ассамблея жастары: Жаңа Конституция – болашақ ұрпақтың сенімді және тұрақты дамуының негізі
Ата заң • Бүгін, 21:03
Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 20:50
Үкіметте қаржы секторына салық салу мәселелері қаралды
Салық • Бүгін, 20:29
Сарапшылар жаңа Конституциядағы отбасы мен неке нормаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 19:37
«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді
Референдум • Бүгін, 19:16
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Ауа райы • Бүгін, 18:43