Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль Альварестің не себепті қарсылас ретінде Головкинді емес өзін таңдағанын айтты. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Көбісі «Канелоны» қазақстандық боксшыдан қорқады деп ойлайды, мен де солай есептеймін. Мені таңдағанының себебі қолымнан жарақат алғандықтан Головкинге қарағанда жылдам қозғала алмаймын. Сондай-ақ, GGG қиын қарсылас болғандықтан мені таңдаған болуы керек», – деді Fight Hub Tv-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Сауль Альварес 2015 жылдың қарашасында пуэрториколық Мигель Коттоны жеңіп, WBC тұжырымының жаңа чемпионы болғаннан кейін Головкиннің міндетті қарсыласы атанған. Алайда, мексикалық боксшы өткен жылдың мамыр айында аталған белбеуді еш қарсылықсыз қазақстандыққа беріп, өзі басқа салмаққа ауысып кетті.
• 22 Ақпан, 2017
Кіші Чавес: Альварес Головкиннен қорыққандықтан мені таңдады

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше