Қытайдың Чаңша қаласында өтіп жатқан ән байқауының алғашқы екі кезеңінде жеңіске жеткен Димаш Құдайберген Алматыға келді.
Ел намысын қорғап жүрген әншіміз бүгін Универсиаданың ашылу салтанатына қатысып, тікелей эфирде өнер көрсететін болады. «Универсиадаға қатысатын барлық қатысушыларға сәттілік, Қазақстанға жеңіс тілеймін! Мен сіздермен біргемін!» – деп жазды инстаграм парақшасында.
Ал әншінің басы-қасында жүріп, тілмаштық қызмет атқарып жүрген продюсер Алпамыс Шаримов инстаграм парақшасында: «Біз Универсиадаға дайынбыз. Сағынышпен Алматыға келдік. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Көк байрағымыз көкте желбіресін! Димаш бүгін тікелей эфирде өнер көрсететін болады. Жаса қазақ! Алға, Қазақстан!» – деп жазды.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV басты ойын-сауық телеарнасындағы «I am a Singer-2017» музыкалық шоуына қатысып жүр. Алғашқы кезеңде «SOS d'un terrien en détresse» әнін шырқаса, кеше Витастың «Опера №2» әнін орындап, қос кезеңде де бірінші орын алды. Бұл конкурста барлығы 14 кезең бар.
• 29 Қаңтар, 2017
Димаш Құдайберген Универсиаданың ашылуында өнер көрсетеді

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше