Орта салмақтағы британиялық боксшы кіші Крис Юбэнк шаршы алаңда қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Мен титул үшін екінші орта салмақта бокстасамын. Бірақ бұл тек осы салмақта рингке шығамын дегенді білдірмейді. Орта салмақта аяқталмаған жұмыстарым көп. Ең бірінші Билли Джо Сондерсте кеткен есемді қайтарғым келеді. Соңғы екі жылда осы жекпе-жекті тағы да өткізуді армандап жүрмін», – деді ол.
«Сонымен қатар, орта салмақта жеңіліп көрмеген Головкин бар. Оны да жеңе алатынымды жақсы білемін. Шамасы, онымен жұдырықтасқысы келетін жалғыз мен ғана болармын. Бұл кештің 2017 жылы болғанын қатты қалаймын. Ал Джейкобсқа келер болсақ, оған бұл кездесуді міндеттегеннен кейін амалсыздан келісіп отыр», – деді кіші Юбэнк.
Айта кетейік, GGG мен кіші Юбэнк арасындағы айқас өткен жылы қыркүйек айында өтуі тиіс болатын. Алайда, британиялықтың әкесінің араласуынан қос тарап ортақ ымыраға келе алмады. Нәтижесінде, Головкин оның отандасы Келл Брукпен кездесуіне мәжбүр болды.
Ал Абель Санчес (GGG-дың бапкері) өз кезегінде әйгілі боксшылардың шәкіртін жекпе-жекке тек әлеуметтік желілер арқылы шақыратынын, сол себепті ниет танытқандармен айқасқа шығатынын мәлімдеді.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше