Атлеттер қалашығында Қазақстан және Қытай туларын көтеру салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатқа екі елдің ресми тұлғалары, спортшылары мен делегация өкілдері қатысты. «Сіздер Универсиадаға жарысу үшін, кім мықты екенін дәлелдеу үшін келдіңіздер, алайда Атлеттер қалашығында сіздерді тек қана достық қарым-қатынас, жаңа таныстар күтуде. Біз ауызбіршілігі жарасқан көптеген ұлт өкілдері өмір сүретін Қазақстан секілді, Атлеттер қалашығы да жер бетіндегі әртүрлі мәдениет өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатынын көрсететін үлгіге айналса дейміз», – деді Атлеттер қалашығының әкімі, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.
Сәлемдесу сөзінен кейін Қазақстан және Қытай делегация мүшелері Атлеттер қалашығының әкіміне естелік сыйлықтары мен кәдесыйларын тарту етті. Универсиадаға қатысатын елдердің туын көтеру салтанаты Атлеттер қалашығында күнде өткізіледі. Жарыстар кезінде мұнда барлығы екі мыңға жуық спортшы тұратын болады.
• 26 Қаңтар, 2017
Атлеттер ауылында Қазақстан мен Қытай тулары көтерілді

Қопа мектебіне қолдау көрсетілді
Мектеп • Кеше
Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр
Шахмат • Кеше
Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті
Аймақтар • Кеше
Астанада жүк көлігі өртке оранды
Оқиға • Кеше
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Референдум • Кеше
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше