26 Қаңтар, 2017

Өскеменде Универсиада алауы тұтанды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed (2) Өскеменде 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың Алауы тұтанды. Өңірдің 60-қа жуық таңдаулы спортшыларынан құралған алаугерлер екі сағат ішінде 12 шақырымды жүріп өтпек. Өскемендегі С.Аманжолов атындағы университеттің алдынан бастау алған Увиверсиада Алауын тұтату рәсіміне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бастаған өңір спортшылары қатысты. unnamed (1) - Бүгін көптен күткен спорт мерекесі. Беделді халықаралық спорт бәсекесінің біздің елде өткізілуі – барша Қазақстан халқы үшін зор мақтаныш, шын мәніндегі тарихи оқиға. Әлем елдерінің бейбітсүйгіш Қазақстан халқына деген зор сенімінің дәлелі. Дүние жүзі халқын достық пен татулыққа шақырған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік аренадағы абыройы мен беделі. Біз алдағы спорттық жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшылардың төрттен бірін біздің облыс спортшылары құрайтынын мақтан тұтамыз, - деді Универсиада алауын бірінші болып тұтатқан облыс әкімі Даниал Ахметов. unnamed (3) Аймақ басшысы алау эстафетасын Олимпиада чемпионы, белгілі жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға тапсырды. Дәл қазір Өскемен көшелерін аралап жүрген алауды ескек есуші Екатерина Смирнова Ертіс өзені арқылы алып өтеді. Алау ең соңында «Алтай» волейбол клубының үздік ойыншысы, Алматыда өтетін Универсиаданың ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан спортшыларын бастап шығатын Дамир Әкімовке тапсырылатын болады. unnamed Азамат Қасым, «Егемен Қазақстан» Өскемен