10 Қазан, 2016

Қазақстан Президенті тағайындаған сыйлықтың алғашқы лауреаты – Иордания королі

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
telbasy Мемлекет басшысының Ядролық қарусыздануға және жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін берілетін халықаралық сыйлығының алғашқы лауреаты анықталды, ол – Иордания королі ІІ Абдалла, – деп хабарлайды «Егемен-ақпарат». Бұл туралы бүгін Ақордада елшілерден сенім грамоталарын қабылдау барысында мәлім болды. Нұрсұлтан Назарбаев елшілерге арнаған сөзінде Қазақстанның Жаһандық антиядролық қозғалысқа бастамашы болып, оның көшбасшысына айналғанына назар аударды. – Осы ретте, біз жаңа бастама көтердік. Мен ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылдадым. Аталған сыйлықтың алғашқы лауреаты болып Иордания королі ІІ Абдалла таңдалды. Бұдан кейін арнаулы комитет құрылып, оның шешімімен сыйлық жыл сайын Семей полигонының жабылғаны күні – 29 тамызда тапсырылатын болады, – деді Елбасы.