10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Ұлттық экономика министрлігі №16

300 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 8 ақпан №165 Астана қаласы 2016 жылғы 12 ақпан №73 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. «Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 болып тіркелген, 2008 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде № 4 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: бірлескен бұйрықпен бекітілген Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11 тармақтармен толықтырылсын: «9. Теңіз портының күштері мен құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары. 10. Теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру. 11. Кемелерді лоцмандық алып өту қызметтері.». 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А.Асавбаев): 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика даму министрінің міндетін атқарушы министрінің міндетін атқарушы ____________Ж.ҚАСЫМБЕК _____________ М.ҚҰСАЙЫНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 19 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 13131 болып енгізілді.