Фото: «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры[/caption]
Бүгін Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысатын төрт балуанға қатысты шешімі белгілі болды. Балуандар анализдік сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты төл күресімізден өтетін барлық жарыстардан уақытша шеттетілген болатын.
«Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің ұсынысы негізінде Допингке қарсы ұлттық орталығы Тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес, Мереке Тұрашев (Ақмола облысы), Самир Мамедов (Павлодар облысы) пен Айбек Нұғымаровтің анализдеріндегі мельдонийдің концентрациясы 1 мкг/мл-ден аз болып шықты», деп хабарлады «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Қазақ күресі федерациясы мен «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры спортшыларға сәттілік тілеп, «Қазақстан барысы» жобасы мен балуандарға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдіреді.
Сонымен қатар, Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі допингтік сынама анализінде тыйым салынған мельдоний субстанциясының жоғары концентрациясы табылған балуан Александр Касачевтың (Алматы облысы) дисквалификациялық мерзіміне қатысты шешімін шығаратын болады.
Нәтижесінде, биылғы жылғы «Қазақстан барысы» турниріне Мереке Тұрашев, Самир Мамедов және Айбек Нұғымаровты қоса алғанда, 33 балуан қатысады.
1 шілде күні сағат 19:00-де «Хан-Шатыр» ойын сауық кешенінде қазақ күресінен VI «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Бұдан кейін балуандар жаттығулары мен турнирге дайындығын жалғастырады.
«Қазақстан барысы» турнирінің финалы 3 шілде күні Астана қаласында сағат 12:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткізіледі. Билеттер Астана қаласының «Меломан» дүкендер желісінде, «Керуен», «Хан-Шатыр», «Мега», «Сарыарқа» ойын-сауық кешендерінде, Конгресс-Холл, My Town и «Жастар» сарайының кассаларында сатылады. Турнирге келген көрермендер арасында JAC S3 автокөлігі ойнатылады. Билет бойынша ақпаратты +7701 1004344 телефон арқылы білуге болады. Билеттердің бағасы: 1000, 2000, 5000 теңге.
Қазақ күресі федерациясы Атқару комитетінің мүшесі Тастанбек Есентаев 21 маусым күні өткен баспасөз-мәслихатында Допингке қарсы ұлттық орталығының шешіміне сәйкес, Мереке Тұрашев (Ақмола облысы), Александр Касачев (Алматы облысы), Самир Мамедов (Павлодар облысы) пен Айбек Нұғымаровтың (Шығыс Қазақстан облысы) анализдік сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты аталған балуандар қазақ күресінен ұйымдастырылатын барлық жарыстардан, соның ішінде биылғы жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық сынынан да зерттеу аяқталғанға дейін уақытша шеттетілетіндігін хабарлаған болатын. Осы балуандарды жарыстарға жіберу немесе нақты бір уақытқа жарыстардан шеттету туралы соңғы шешімді Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) қорытындысын алғаннан соң «Допингке қарсы ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Тәртіптік комиссиясы қабылдайтын болады деген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН
• 29 Маусым, 2016
Балуандарға «Қазақстан барысы» турниріне қатысуға рұқсат берілді

Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 13:50
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:45
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Әлем • Бүгін, 13:43
Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 13:20
8 наурыз мерекесіне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
Елорда • Бүгін, 13:06
Иранда жұмыс істеп жүрген 34 отандасымыз эвакуацияланды
Саясат • Бүгін, 12:48
Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:25
Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:17
Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға мерекеге орай 15 мың теңгеден беріледі
Қоғам • Бүгін, 12:03
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік рекордты жаңартты
Спорт • Бүгін, 11:57
Бектенов Көкшетаудағы жаңа ЖЭО құрылысын тексерді
Үкімет • Бүгін, 11:42
Бүгін – Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл
Тұлға • Бүгін, 11:38
Ботай мәдениетіне арналған фильм түсіріліп жатыр
Кино • Бүгін, 11:30