• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2011

Жұмыс: Дерек пен дәйек

410 рет
көрсетілді

18 806 ӨТКЕН ЖЫЛЫ АТЫРАУДА ОСЫНША ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ.

Был­тыр Атырау экономи­ка­сының әр саласында жаңа жұмыс орын­дарын ашудың мүм­кіндігі табыл­ған. Яғни, ба­рыс жылы баста­лысымен 18 806 жұмыс орны ашылды. Мұ­ның ішінде 10 174-і тұрақты жұмыс орны болып табылады. Жұмыс орнының көптеп ашылуы құрылыс индустрия­сын­да ерекше байқалды. Бір жыл ішінде осы салаға 4 691 адам жұмысқа орналасты. Ал орта және шағын кәсіпкерлік саласы бойынша жаңадан 1149 жұмыс орнын құру жоба­лары іске асырылды.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы. 

 

400 ОСЫНША БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСАДЫ. Жыл өткен сайын қызыл­жар­лық банкирлер арасында са­ламатты өмір салтын ұс­та­ну­шылар қатары артып келеді. Оған «Банкиада-2010» бағдар­ламасы шеңберінде түрлі спорт­­тық шаралардың ұйым­дас­тырылуы едәуір септігін тигізді. Жуырда банктер арасында спорттың бұқаралылығын арт­тыруға қатысты қорытынды шығарылып, ұжым мүшелері­нің үштен бірі дене шынық­тырумен үзбей айналысатыны анықталды. «Центркредитбанк және «Альянсбанк» ұжымда­ры «Спортқа қабылеті ең басым банктер» аталымына ие болды. Жекелеген аталымдар бойынша жеңімпаздар өз жүлделерін жетім балалар үйлеріне тарту етті.

Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.

 

68 ӨТКЕН ЖЫЛЫ АҚЖАЙЫҚТА ОСЫНШАМА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ. Мұның бәрі де «Жол кар­та­сы» жобасына сәйкес төрт ба­ғыт бойынша шешімін тапты. Бөлінген қаражаттың игерілуі 99,5 пайыз құрады. Жаңа жұ­мыс орындарын ашу жөнін­де­гі жоспарлар көздеген межеден асып түсті. Оның жалпы саны – 5143. Кадрлар даярлауға, қайта даярлауға бөлінген тиісті қаражат көлеміне сәйкес адамдар оқуға жіберілді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білімін көтерді. Мұндай шаралар өңірде биыл тағы да жалғасатын болады.

Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.