Өңір қазіргі уақытта еліміздегі электр энергиясының 40 %-дан астамын қамтамасыз етіп отыр. Электр стансаларының жалпы қуаттылығы – 8000 МВт, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Энергетика министрлігімен Ертіс-Баян өңіріндегі электр қуатының өндірісін 2035 жылға дейінгі дамыту жоспары әзірленген.
-Жоспарға сәйкес, Екібастұзда №3 ГРЭС құрылысын салу, №2 ГРЭС-те №3 және №4 энергия блоктарын (әрқайсысы 550 МВт) тұрғызу, Павлодардағы №2 ЖЭО-да қуаттылығы 120 МВт болатын үш бірдей турбинаны, Ақсу ГРЭС-індегі №7 энергия блогын жаңарту өңірдегі электр энергиясы өндірісін алдағы жылдары 60 %-ға ұлғайтады, - деп мәлімдеді әкімдіктен.
Облыс таза энергетикаға да зейін қойып отыр. Екібастұз қаласына жақын жерде алдағы жылдары желден қуат алатын электр стансалары тұрғызылуы керек. Қытайлық компания 500 МВт-тық стансаның алғашқы кезеңін келесі жылы аяқтайды деп жоспарланған.
Павлодар облысы