• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2015

Бір мезетте 3 000 алма жеген

281 рет
көрсетілді

3 500 оқушы қазақстандық Рекордтар кітабына тіркелді Қазақстандық оқушы­лар­дың бұл рекорды Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Қоры ар­қылы ұйым­­дастырылған «Аман Келешек» балаларға арналған II инклюзивті мә­дени-спорттық фестивалі аясында өтті. Аталмыш шараға ба­ла­лар үйлерінің, тұрмысы тө­мен отбасыларының, басқа өңірлерден келген мектеп-ин­тернаттардың оқушылары мен Алматы қала­сындағы жалпы білім беретін мектептерден 3 500 оқушы қатысып, таланттарын танытып, түрлі спорттық эстафеталар бойынша сайысты. Президент Қорының атқа­рушы директоры Сағындық Нұраханов осынау шара балалар үшін тұтас мүмкіндіктер әлемін ашатындығын айтып отыр. Сонымен, биыл екінші рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің спорт­тық-жат­тық­тыру кешені базасында өткізіліп отырған фес­тивальге Олимпиада чемпионы, әйгілі боксшы Ермахан Ыбырайымов қатысып: «Қазіргі гаджеттер мен компьютерлік ойындар заманында балалар далаға шық­пайды, қимыл-қозғалысы аз. Сондықтан «Аман Келешек» фестивалінің маңызы зор. Бүгін балалар көп нәрсе үйреніп қана қой­май, басқа қалалардан келген құрдастарымен танысты. Біз оларға басқа да қызықты әлем мен армандар бар екенін көрсетіп, бойындағы дарындарын көрсетуге септесетінімізге сенімдімін», деді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.