Алматы зообағында Тянь-Шань қоңыр аюларының отбасында екі қонжық өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрманбек пен Герда есімді аюлардың күшіктері қаңтар айында туған. Қазір олар біраз өсіп, күшейіп, аналарымен бірге алғаш рет сыртқы вольерге шыға бастады. Кішкентай қонжықтар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
Зообақ қызметкерлері бұл оқиғаны жақсы дәстүрге айналдырып, жаңа туған аюларға ат қоюды келушілердің өзіне ұсынды. Қазір көпшілік ұл және қыз қонжыққа лайықты есімдерді таңдауға қатыса алады.
Жапонияда зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп өнер көрсетті
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар сирек кездеседі және жануарлардың табиғи ортаға бейімделіп, жақсы күтімде екенін көрсетеді.