• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Жылына 300 мыңнан астам операция: Абай облысында хирургияның өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасы хирургтарының «Abai Surgery Plenum» атты Ұлттық ғылыми-практикалық пленумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Хирургияның өзекті мәселелері» тақырыбында өткен пленумға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Абай облысының әкімі Берік Уәли, сондай-ақ отандық жетекші хирургтар мен қазіргі заманғы медицина саласының сарапшылары қатысты.

«Елімізде жыл сайын 250–300 мыңнан астам хирургиялық операция жасалады, оның ішінде жекеменшік клиникалардағы операциялар да бар. Бұл ретте жоғары технологиялық медициналық көмектің үлесі айтарлықтай артып келеді. Заманауи аз инвазивті технологиялар, лапароскопиялық және эндоскопиялық емдеу әдістері сәтті енгізілуде, сондай-ақ кардиохирургия, нейрохирургия және трансплантология салалары белсенді дамып келеді», – деді Мұратов.

Хирургиялық бейіндегі кадрмен қамтамасыз ету 1666 маманды құрайды. Кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы 400-ден астам жас дәрігерді шығару жоспарлануда.

Осы бағытта Қазақстанның медицина университеттері мен ғылыми орталықтары мамандар даярлауда халықаралық стандарттарды белсенді енгізіп, шетелдік клиникалар және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуде.

Пленумның шеңберінде жалпы, абдоминалдық, тамырлық, торакалдық және шұғыл хирургияның өзекті мәселелері, заманауи технологияларды енгізу, медициналық көмектің сапасын арттыру және өңіраралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды бағыттарының бірі – өңірлер мен ауылдық жерлерде мамандандырылған хирургиялық көмектің қолжетімділігін арттыру болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар