Қазақстанда медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек сатып алу чектерінде пациенттің ЖСН-ін (ИИН) көрсету міндетті болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы министрлігі кассалық аппараттарды қолдану тәртібіне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі. Жаңа талапқа сәйкес, емделу қызметтері мен дәрі-дәрмекке төлем жасаған кезде чекке пациенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) енгізіледі.
Бұл өзгерістің негізгі мақсаты – есеп айырысу жүйесінің ашықтығын арттыру және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылауды күшейту.
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
Жоба қабылданған жағдайда, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек саласындағы қаржылық есептілік жүйесі қатаң бақылауға алынып, шығындардың ашықтығы артады деп күтілуде.