• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2015

Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева Канададағы сайыста топ жарды

274 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қазан. Қызылорда облысының тумасы, 15 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Турсынбаева ересектер арасында өткен халықаралық Skate Canada Autumn Classic турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаевтың айтуынша, жарыс Канаданың Барри қаласында өткен. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Тұрсынбаева екінші орын алған. Бірақ еркін бағдарламадағы жеңісінің арқасында мәнерлеп сырғанаушы турнирдің жеңімпазы атанды. Спортшы қыз барлығы 179,72 ұпай жинап, өзінің спорттық мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: dailynews.kz.