• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:50

Вице-министр курьер болып жүрген жас анаға қатысты пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай әлеуметтік желіде қызу талқыланған жас ананың суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Брифинг барысында журналистер вице-министрден нәрестесін көтеріп, арқасына жеткізу қызметінің сөмкесін асынып алған әйелдің фотосына қатысты көзқарасын сұрады. Көпшілік бұл әйелдің декреттік демалыста жүріп, курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болғанын талқылаған.

Алайда Виктория Шегай аталған жағдайға нақты баға бере алмайтынын айтты. Ол суреттің қай жерде түсірілгені және әйелдің нақты жағдайы белгісіз болғандықтан, мәселені жан-жақты білмей тұрып пікір айта алмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар вице-министр декреттік демалыстағы ананың жұмыс істеуі немесе істемеуі көбіне отбасының қаржылық жағдайы мен ішкі шешіміне байланысты екенін атап өтті.

Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді

Журналистердің мәліметінше, сурет Алматы қаласында түсірілген. Онда нәрестесін құшағына алып, аптап ыстықта тапсырыс тасып жүрген әйелдің бейнесі көпшіліктің назарын аударған. Желі қолданушылары бірнеше күн бойы жас ананы іздеп, оған көмек көрсетуді ұсынған.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде сәбиін арбаға отырғызып, курьер болып жұмыс істеген алматылық әйелдің видеосы кеңінен тараған еді. Бұл оқиға да қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің атынан алаяқтар ақша жинағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар