• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Елордада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астана қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы ер адамды ұстады. Ол базарларда өзін ауылдан арзан ет жеткізуші ретінде таныстырып, азаматтарды алдап келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті адамдардың сеніміне кіріп, алдын ала ақша алып, уәдесін орындамай алаяқтық жасаған. Осылайша ол тұрғындардың бірінен 3 миллион теңге жымқырған.

«Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындады», делінген полиция хабарламасында. 

Полиция азаматтарды сақ болуға, тек ресми сатушылардан тауар сатып алуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің атынан алаяқтар ақша жинағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырғанына қарамастан, әзірге суреттегі әйелдің кім екені және оның нақты жағдайы анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар