• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Air Canada әуе компаниясының ұшқышы 17 жыл бойы осы лауазымға қажетті лицензиясыз әуе кемесінің командирі болып жұмыс істеген, деп жазады Egemen.kz

Ол 2009 жылы әуе кемесінің командирі атанған. Осы қызметте жүріп 900 ішкі және халықаралық рейс орындап, Boeing 767, 777 және 787 ұшақтарын басқарған.

Канадалық ұшқыштың коммерциялық ұшуларға арналған лицензиясы болғанымен, оған әуе кемесінің капитаны ретінде жұмыс істеуге құқық беретін ATPL-A лицензиясы болмаған.

Әуе компаниясының мәліметінше, ол ірі жолаушылар ұшақтарын қауіпсіз басқару қабілетін тұрақты түрде растап отырған.

Іс бойынша сот процесі күтілуде. Ұшқышқа жеті қылмыстық айып тағылған.

     
Соңғы жаңалықтар