• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:40

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келмеді: сот күштеп әкелуді қолдануға құқылы екендігін ескертті

Алматыда ҚазТАГ ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған ақпарат тарату және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған бұзақылық бойынша айыпталып отырған сотталушылар Әмір Қасенов пен Жанна Қаппарованың сотқа келмеуіне байланысты Алмалы аудандық соты қылмыстық іс бойынша отырысты 15 маусымға шегерді.

Соттың мәліметінше, сотталушылардың сот талқылауына қатысуы олардың процессуалдық міндеті болып саналады. Дәлелді себепсіз сотқа келмеу істі қарау процесіне кедергі келтіріп, сот талқылауының созылуына алып келеді.

Сот қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, сотталушылар дәлелді себепсіз келмеген жағдайда заңда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде күштеп әкелуді қолдануға құқылы екендігін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасеновқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша күдікті деп танылған болатын.

Соңғы жаңалықтар