• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 17:14

Әлем чемпионатының ашылу салтанаты үш елде өтеді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатын үш елде өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы ашылу рәсімі 11 маусымнан 12-не қараған түні Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өтеді. Салтанатты рәсімнен кейін Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары турнирдің алғашқы ойынын өткізеді. Матчтар тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

12 маусым күні чемпионаттың ресми ашылу салтанаты Канадада, Торонто қаласындағы «BMO Field» стадионында өтеді. Рәсімнен кейін Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары кездеседі.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды

13 маусым таңертең АҚШ-та, Лос-Анджелестегі «SoFi Stadium» аренасында үшінші ашылу салтанаты ұйымдастырылады. Осыдан соң АҚШ пен Парагвай командалары ойнайды.

Еске сала кетейік, биыл алғаш рет үш елде өтетін турнир Солтүстік Американың 16 қаласында ұйымдастырылады. Матчтардың басым бөлігі АҚШ аумағында өтеді. Сонымен қатар Канада мен Мексика да әлем чемпионатының маңызды ойындарын қабылдайды.

 

Соңғы жаңалықтар