• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Синоптиктер 11-13 маусым күндері еліміздің біраз аумағында тұрақсыз ауа райы сақталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады. Осыған байланысты мұнда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады. 

Алматы мен Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсерлетеді.

Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.

Еліміздің қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Ауа температурасы бірқалыпты.

 

Соңғы жаңалықтар