ТЖМ қызметкері Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин салмағы 165,2 тонна болатын теміржол вагонын 9 метр қашықтыққа тартып, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
Бұған дейін, 2024 жылы ол салмағы 94 тонна вагонды тартып, ел рекордшысы атанған болатын.
Жаңа жетістік ТЖМ қызметкерінің күш-қуаты, төзімділігі мен мақсаткерлігінің айқын дәлелі болды.