Бүгін, 2026 жылғы 25 мамырда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (СЭБК) Құрбан айт мейрамын қауіпсіз өткізу және тағамнан уланудың алдын алу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Осыған байланысты санитар дәрігерлер қазақстандықтарға арнайы ескерту жасады.
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
«Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында тұрғындарға мал сату, сою және тағам дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз. Хабардар болу – тағамнан уланудың, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі», – делінген хабарламада.
Комитет өкілдерінің айтуынша, мал сату және сою кезінде:
малды тек арнайы белгіленген орындардан алу және құрбандыққа шалу; жануарларда ветеринариялық құжаттардың болуы; сою орындарында санитариялық талаптарды сақтау, яғни су, кәріз жүйесінің болуы және қалдықтарды уақытылы шығару мен жою; қызметкерлердің медициналық кітапшаларының болуы және жеке гигиенаны сақтауы міндетті.Санитар дәрігер үй жағдайында кеңес береді:
қолды жууға жағдайдың болуы; тұрақты түрде ет тұрған бөлмеге ауа кіруін қамтамасыз ету; өнімдерді тек қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сенімді орындардан сатып алуды; үйде дайындалған консервілерді қолданар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуді; тез бұзылатын тағамдарды дайындалғаннан кейін бірден тұтынуды және сақтау тәртібі бұзылған жағдайда сақтамауды; жұқпалы немесе тері ауруларының белгілері бар адамдарды ас дайындауға жібермеуді ұсынады.Ал қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде:
үздіксіз ыстық және суық су жүйесі; қол жуу және кептіру құралдары; желдету мен кондиционер жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі; азық-түлікке қатысты құжаттардың болуы; санитариялық талаптардың сақталуы; қызметкерлердің медициналық кітапшалары және күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексерістен өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.«Санитариялық талаптарды сақтамау тағамнан улануға және жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін», – деп ескертті санитар дәрігерлер.
Құрбан айт қарсаңында Қазақстанда қой бағасы қанша тұратыны туралы ақпаратты осы жерден білуге болады.