• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 19:18

Өзбекстан шетелдіктер үшін арнайы салық режимін енгізеді

Өзбекстанда шетел азаматтарына арналған арнайы салық режимі енгізілмек. Бұл режим аясында шетелден алынған табыстар салықтан босатылады деп хабарлайды Egemen.kz

Арнайы салық режимінің резиденті мәртебесін алу үшін шетел азаматының Өзбекстанда меншігіндегі немесе жалға алынған жылжымайтын мүлкі болуы және 12 ай ішінде ел аумағында кемінде 30 күн тұруы қажет.

Сондай-ақ, осы режим бойынша жұмыс істеу құқығын алғысы келетін азамат 50 мың АҚШ доллары көлемінде алым төлеуге міндетті. Бұдан бөлек, режимге қатысатын әрбір кәмелетке толмаған туысы үшін қосымша 10 мың доллар төленеді.

Арнайы салық режимінің ең ұзақ мерзімі бес жылды құрайды.

 

Соңғы жаңалықтар